Т.Рысқұлов ауданында 14075 доза вакцина салынған

0 3

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, 9 шілде арасында Т.Рысқұлов ауданына барлығы 15050 доза вакцина алынған. Оның бүгінгі күнге дейін 14075 дозасы салынған, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Әлемді жайлаған қауіпті кеселден құтылудың бірден- бір жолы вакцина алу деп жар салуда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы. Елімізде бірінші кезекте халықпен тығыз жұмыс жүргізетін дәрігерлер, мұғалімдер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері екпе алды. Қазірде басқа кәсіптің иелеріне екпе егу жұмыстары жүргізілуде, олардың арасында өзінің және айналасындағылардың денсаулығын ойлаған, өз ынтасымен келіп жатқандары да аз емес.

Елдің амандығы үшін жасалып жатқан шаралардың дұрыстығына көз жеткізіп, оң пікір қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы болып қалмақ.

Айта кетейік, қалған 975 Спутник-V вакцинасы арнайы тоңазытқыштарда сақталуда. Мамандар өз кезектерінде екпе егу жұмыстарымен толықтай айналысуда. Ендігі мәселе елдің өз қолында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.