Ауыл әкімдерін енді халық сайлайды

0 0

Биыл елімізде алғаш рет ауылдық округ әкімдері тікелей сайлау арқылы тағайындалады. Бұл дегеніміз ауыл әкімдерін енді халық сайлайтын болады. Өкілеттігі біткен ауыл округтері әкімдерінің сайлауы орталық сайлау комиссиясының қаулысымен ағымдағы жылдың 25 шілдесінде өтеді деп жоспарланған. Әкімдікке кандидаттарды саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан ұсына алады. Осыған орай, облыстың 10 ауданында «Nur Otan» партиясы аумақтық филиалдарының кезектен тыс конференциялары өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Күн тәртібінде ауылдық округтердің әкімдеріне партиядан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Нәтижесінде аталмыш саяси додаға партия атынан облыс бойынша 31 кандидат ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.