Жамбыл облысында көпбалалы әкелер әлеуметтік жәрдемақыны заңсыз алып отырған

0 23

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстағы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауды ұйымдастыруына жүргізілген мониторинг барысында орын алған өрескел заңсыздықтардан мемлекетке 14 млн. теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады. Бұл туралы Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев «Antikor» орталығында өткен брифингте айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Мәселен, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер олар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескеріледі. Өз кезегінде аталған Қағидалардың 9 тармағына сәйкес, өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекен-жайын растайды. Бұл ретте ҚР Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады. Ерлі-зайыптылар арасында неке бұзылған жағдайда ата-ананың біреуімен балалардың бірге тұруы сот шешімімен расталады. Алайда, бірнеше жардемақы алатын азаматтың өтінішінде балалары бірге тұрады деп көрсеткенімен, сот шешімімен олардың шешесімен тұратындығы белгілі болған.

«Азаматтарға арналған үкіметтен» көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының ата-аналар арасынан тек әкесі тарапынан өтініш білдіргендер туралы ақпарат сұратылып, ол тізімдер бойынша қалалық сот шешімдерімен сәйкестендіріліп, қаралды.

«Бас тартылған қалған істер бойынша жәрдемақы алушылар артық төленген соманы ерікті түрде қайтаруға міндеттеніп отыр. Зерттеу жұмыстары барысында 27 төлем алушы (бас тартуға шешім шығарылған) бойынша 14 337 143 теңге артық төлемді құрады. Артық төленген сомадан 150 000 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Көп балалы отбасылар, әдетте, аз қамтылғандықтан, ақшалай қаражатты қайтаруды олар біртіндеп жүргізіледі. Сондай-ақ, тағы 38 төлем алушылар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, НҚА өзгеріс енгізу мәселесі зерделенуде. Ал 18 төлем алушы ай сайын жәрдемақыны алу үшін, өтінімдерінде дұрыс емес ақпарат енгізу арқылы бірге тұратын балалар санын көбейткен. Аталған азаматтардың іс-әрекетінде алаяқтық белгілерінің байқалуына байланысты құзіреттілік бойынша шешім қабылдау үшін Полиция департаментіне жолданды. Бүгінгі таңда процессуалдық шешім қабылдау үшін жұмыс жүргізілуде», — деді Департаменттің Басқарма басшысы Дәурен Омаров.


Мониторинг қорытындысымен өтініш берушілердің жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан басты фактордың бірі, бұл көрсетілетін қызмет стандартында Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлерінің құжаттар топтамасын қабылдау кезінде сот шешімдерін талап ету құқығының болмауына байланысты орын алған.

​Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда 124 төлем алушылардың ішінен 59 отбасы жәрдемақыны заңға сәйкес алуда.

«27 іс өтініш берушілердің бірге тұруы туралы жалған мәліметтер ұсынуы себебінен бас тартылды, оның ішінде 2 төлем алушы бойынша әкесімен бірге тұрмайтын балаларды есепке алмай, жәрдемақы мөлшерін азайту жағына қарай қайта есептеу туралы шешім бекітілді. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңның 11-бабына сәйкес жәрдемақылардың артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда соттың шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады», — деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Райхан Назарова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.