Байзақ ауданында 36 отбасыға құрбандық еті таратылды

0 1

Құрбан айттың бірінші күні алғашқы болып, құрбандыққа бір бас ірі қараны Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов құрбандыққа шалды. Мереке дәстүрі бойынша, сойылған малдың еті аз қамтасыз етілген 36 отбасыға таратып берді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Сондай-ақ, отбасыларға азық-түлік себеті таратылды.

Құрбан айт мерекесіне орайластырылған қайырымдылық шаралары барлық елді-мекендерде ұйымдастырылып, аса мұқтаж, көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарттарға азық-түлік өнімдерінен көмектер көрсетілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.