Ауылға жанашыр азамат керек!

0 3

Жуалы ауданында 4 ауылдық округтің 13 сайлау учаскесінде ауыл әкімінің сайлауы өтуде, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

— Мен Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылында 19 жылдан бері тұрамын. Ауылымызда ауызсу, газ мәселесі бұрыннан бар. Жарықтандыру мен жөндеуді қажет етіп отырған бірқатар көшелер бар. Мен бүгін ауылдағы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасап, балаларымның болашағы, ауылымыздың гүлденуі үшін дауыс бердім. Әкімнің халықпен тіл табысып, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға да көзқарасының дұрыс болғаны жақсы. Жаңа әкімнен көп үміт күтеміз! — дейді Көлтоған ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Әлия Қалдыбаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.