Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі

0
43

Жамбыл облысында егілген 22 мың гектар пияз алқабының 60 пайызы, яғни 13 мың 300 гектары Шу ауданына тиесілі. Бұл туралы аймақ басшысының ауданға жасаған жұмыс сапарында айтылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Белбасар ауылындағы шаруа қожалықтарының пияз алқабын аралады. Тамшылатып суару арқылы мол өнім алуды көздеген шаруаның бірі – Л.Сандуров. Ол мұнда Қордай ауданынан келіп диханшылықпен айналысып жүр екен.

– 600 гектар алқаптың 400 гектары ерте, қалғаны кеш пісетін сұрып. Барлығы да тамшылатып суару технологиясы арқылы ылғалдандырылып отыр. Пияздың ерте пісетін сұрпы қазір бас байлап үлгерді. Әне-міне дегенше қазу жұмыстары да басталады. Сол кезде өнім гектарына 60-70 тоннадан айналады деп күтілуде. Өнімді алқап басынан 90-95 теңгеден өткеруді көздеп отырмыз, – деді Л.Сандуров

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here