Сарысулықтар мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін көруде

0 2

«Ауыл көркейсе, ел өркендейді» дегендей қазірде ауылдың өркен жайып, дамуы үшін атқарылып жатқан шаруа шаш етектен. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдағы ағайынның көсегесі көгеруде. Осы бағытта Сарысу ауданы әкімдігі жұмыспен қамту орталығында атқарылған жұмыстар ауқымды, — деп жазады «ZhambylNews” АА.

Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде  «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы Ілияс Домалақов айтып берді.

— Бүгінгі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдары арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жұмыстар қарқынында. Аталмыш жұмыстардың 2020-2021 жылдар аралығында орындалу барысы зерделеніп жатыр. Сондай-ақ, Қамқалы, Тоғызкент, Досбол ауылдық округтер бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілуде, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.