Сәкен Арубаев мектептердің қысқа әзірлігін тексерді

0 4

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев мектептердің қысқа әзірлігін, жөндеу жұмыстарының барысын көру үшін өңірдегі бірқатар мектептерді аралады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Айшабибі ауылына аялдаған аудан басшысы 1970 жылы салынған 600 орынды Айшабибі орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысын көрді.

«ЖаңатасҚұрылысСервист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілінің айтуынша, құрылыс жұмыстарына бөлінген 114 млн теңгеге бөлінген. Бүгінде жұмыстардың 90 пайызға аяқталған. Мектеп құрылысын жуық күндері тапсыруды жоспарлап отыр.

Оқу сыныптарын аралаған Сәкен Қаланұлы:

— Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Жұмыстар тиянағын табуы керек. Тездетіп аяқтаңыз, — деді.


Сондай-ақ өңір басшысы мектеп қабырғаларына салынған безендірулерді көбейту керектігін, тазалық жұмыстарын үйлестіру керектігін тапсырды.

Жалпы ауданда биыл 6 мектеп күрделі, 12 мектеп ағымды жөндеуден өткізілуде.
Бүгінде басым көпшілігінде жұмыстар аяталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.