АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру – уақыт талабы

0 2

Т. Рысқұлов ауданы Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, теолог, дінтану ғылымдарының магистрі Ержан Аманбаевтың қатысуымен аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне және дін саласына жауапты мамандарға арналған «Дін тазасын ой табар» атты оқыту жұмыстары өтті.

Бүгінгі қоғам үшін АТТ мүшелерін қайта даярлау уақыттың талабы. Себебі бүгінде ақпарат кеңістігінде түрлі материалдардың жариялануы, оның ақ-қарасын ажырату үшін кез-келген азаматтың, әсіресе дін мәселесіне қатысты сауаттылықтың болуы маңызды. Осы ретте ел тұрғындарымен етене жұмыс жасап жатқан АТТ мүшелерінің бірінші кезекте біліктіліктерін жетілдіру өзекті.

Оқыту барысында бүгінгі қоғамдағы ең өзекті деген мәселелер көтеріліп, жан-жақты пікір алмасулар болды.
Бір ғана зайырлы қоғамдағы діннің рөлі, исламның құндылықтары тақырыбында дәрістер қатысушыларға тың ақпарат берумен қатар, оларға үлкен серпін берді.

Жалпы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы – мемлекеттің дін саласындағы саясатының түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтары қарқынды жұмыс жасап келеді. Олардың жұмыстары туралы күн сайын әлеуметтік желілер арқылы билік пен бұқара халық хабардар.

Ұйымдастырылған семинар жұмысы аудандық АТТ мүшелеріне үлкен теориялық және тәжірибелік білімін одан әрі жетілдіруге үлкен мүмкіндік болды.

Қазбек Қыдыров
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.