Тұрғындар өтінішімен Құмтүйін-Өрнек-Ерназар бағытындағы автожолға асфальт төселуде

0 6

ZHAMBYLNEWS — Құмтүйін-Өрнек-Ерназар бағытындағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымға жуық жол асфальттануда.

Айта кетейік, Өрнек, Ерназар ауылының тұрғындары осы бір аралықтағы жолдың кедірі көлік қозғалтқышы бөлігінің зақымдануына үлкен әсерін тигізіп жатқаны туралы әлеуметтік желіде шағымын айтып, жолды ретке келтіруін сұранған болатын.

Жұртшылықтың сауалын назарға алған Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бюджеттік нақтылауда осы бағыттағы жолға ақша қарастырып, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеткен. Міне, «Сөзден — іске» демекші, бүгінде сол талап-тілек орындалу үстінде.

Құрылыс жұмыстарын «ТаразКөлікЖолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ені 7 метрге жететін аудандық мәндегі жолға асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.