Сарыкемерде спорт ардагерлерімен кездесу өтті

0 24

Бүгін Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы Ақәділ Суханбаев атындағы балалар саябағында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы спорт саласының ардагерлері мен жас спортшылар кездесті, — деп жазады ZhambylNews” AA.

Аталмыш басқосу ҚР Конституциясы күні қарсаңында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Жиынды орталықтың әдіскер – нұсқаушысы Дәурен Байгутдиев кіріспе сөзбен ашты.

Спорт ардагерлерінің жолын жастарға үлгі ету, ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмауды көздеген шараға спорт ардагері Әділхан Омаров, футбол үйірмесінің жаттықтырушысы Алексей Пай, Ж.Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Асқар Шаухаров қатысты.

Кездесуде спорт ардагерлері жастарға өз салалары бойынша қалай жетістікке жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтары мен қуаныштарын бөлісті.

Шараға қатысушылар сұрақтарын қойып, өзара ой бөлісті. Кеш соңында ардагерлер жылы лебіздерін білдіріп, батасын берді. Ыстық ықыласқа бөленген ардагерлер де, аға буыннан ақыл-кеңес алған жастар да кездесуге дән риза болып тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.