Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» Бетқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Ергешбаевамен және Қордай АПБ-нің ЖПҚБ-ы учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Башан Самат Айтжанұлымен бірлесіп «Ынтымақ, келісім – ең басты байлық ел үшін!» тақырыбында өзге ұлт арасындағы достықты нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді, — деп жазады “ZhambylNews” AA «Ұлы дала ұстазы» халықаралық журналына сілтеме жасап.
Шара барысында карантиндік талаптар барынша сақталды. Кездесу жастарымызды, өзге ұлт өкілдерін елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, олардың мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету, ұйымшылдық пен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге, сыйластыққа баулу мақсатына негізделді.
Халықтар арасындағы достықты нығайту, жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Жастарды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу шараның негізгі өзегі болды десек қателеспейміз.
— Еліміздің өсіп-өркендеуіне қал-қадіріне үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Жастарымыздың Отаның сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке тәрбиелеу, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін оятуға күш салуымыз керек. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата-бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстауға, тату тәтті өмір сүруіне жағдай жасады. Міне, сол бауырлас халықтардың салт дәстүрлері, өнері, мәдениеті күнделікте өмірімге сіңісті болып кеткен. Ата-бабамыз сақтап келген ауызбіршілік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір, ьшат көңіл, жайқалған дала, гулденген қала болады,-деді А. Ергешбаева.
Басқосуда өзге де қонақтар мен қатысушылар орамды ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.