Сарысу ауданында жүгіруден эстафета өтті

0 2

Халықтың денсаулығы — ел дамуының маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Жолдауды насихаттау мақсатында Сарысу ауданында «Күзгі кросс» жүгіру эстафетасы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Дана халқымыз денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып, барлық игіліктен жоғары санаған. Тіршіліктің нағыз өзегінен алынған «Бірінші байлық — денсаулық» деген аталы сөз осыған дәлел.

Елімізде бұқаралық спортты дамыту мақсатында мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда.

Сарысу ауданында да аталмыш сала назардан тыс қалған емес. Барлық спорт нысандары тұрғындар үшін қол жетімді. Саланы қолдауға бөлінген қаржы жылдан-жылға ұлғая түсуде.

— Құрметті эстафетаға қатысушылар!
Бүгінгі ұзақ қашықтыққа жүгіру арқылы Сіздер спортқа бейжай қарамайтындарыңызды жай сөзбен ғана емес, іспен дәлелдедіңіздер! Дендеріңіз саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін! — деді аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев.

Эстафетаға 15 команда қатысты. 8 шақырым қашықтықта өткен жарыс нәтижесінде 1-орыннан М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясы,
2-орыннан С.Сейфуллин мектебі, 3-орыннан аудандық полиция бөлімі көрінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.