Таласта футболдан жолдастық кездесу өтті

0 3

Қаратау қаласында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, елге, жерге деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында спорттық шараларды үнемі ұйымдастырып отыру жолға қойылған. Осы мақсатта аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қаладағы орталық стадионда мемлекеттік қызметшілер арасында Талас ауданы және Жуалы ауданы әкімдіктерінің құрама командалары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Тартысты, әрі қызықты өткен бәсеке 2:1 есебімен таластықтардың пайдасына шешілді.

Аталған жарыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.