Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмысы қорытындыланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Департаментпен 55 қылмыс, оның ішінде сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша 5 , кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 2, мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу барысында қаражаттарды ұрлау деректері бойынша 11 негізгі қылмыс тіркелгендігін, департамент басшысы Әділхан Әшірбаев мәжіліс барасында хабарлады.