5 қарашадан бастап Тараз-Алматы бағытында әуе рейстер іске қосылады

0 13

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен Алматы — Тараз — Алматы әлеуметтік маңызы бар әуе бағытына байқау өткізу туралы шешім қабылданғандығын хабарлайды.

Байқаудың қорытындысына сәйкес аталмыш әуе бағыты бойынша «SCAT» әуе компаниясы тасымалдаушы болып анықталған. Тұрақты рейстер 2021 жылдың 5 қарашасынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер 148 және 50 орындық «Б-737» және «CRJ-2» әуе кемелерімен аптасына 6 рет орындалады. Билет құны — 9 мың теңге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.