Талас ауданында мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық Мектеп Лигасы» өтуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ұлттық мектеп лига жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және облыстық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.
«Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 8 түрі бойынша атап айтқанда баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, асық ату, бес асық, шахмат және тоғызқұмалақ өткізілмек.
Ауданның 35 мектеп оқушылары қатысатын жарыс 4 кезеңнен тұрады: Іріктеу, аудандық, облыстық және республикалық дода. Бүгінге күнге баскетбол, футзал спорт түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Лига жарыстары барысында ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын көшбасшыларды, дарынды балаларды топтастыру және жас спортшылардың ортасын құру, мектеп спортын бұқаралық сипатта дамыту көзделеді.