Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тіл шебері» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Байқау қорытындысы бойынша әділқазылардың шешімімен бас жүлде Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы А.А.Абдикеримовке бұйырылды.
1-ші орынды Талас ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ш.Б.Рысбек, 2-ші орынды Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Т. Сыбанбаев, 3-орынды Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.У.Ергешова иеленді.