Талас ауданында арықтар — дренаж жүйелерін аралау жұмыстары жүргізілді

0 9

Талас ауданының әкімі  Қанатбек Мәдібектің тапсырмасына сәйкес, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен аудан аумағындағы су қоймалары мен арықтар — дренаж жүйелерін аралау жұмыстары жүргізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Табиғаттың тосын мінезіне тосырқап қалмау үшін, су тасқыны қаупінен қорғанудың қамын алдын — ала зерделеп, дайындықты күшейтуді әсте тоқтатуға болмайды.

Төтенше жағдайларда халықты қабылдау және жинақтау орындары дайындыққа келтірілген. Ауданның қыс айларындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындығы 2021 жылдың 11 қарашасында «Қыс-2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу кезінде тексерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.