Биыл Талас ауданында Ерназар-Қойгелді автомобиль көпірі салынды

0 3

Биыл көп жылдан бері шешімін таппай келген Ерназар-Қойгелді автомобиль көпірі салынып, тұрғындардың көкейкесті мәселесі күн тәртібінен алынды. Оған жалпы бюджеттен 268 258,0 мың теңге қарастырылып, игерілген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қаражаттың 106 195,0 мың теңгесі ұлттық қордан бөлінсе, 162 063,0 мың теңге республикалық субвенциядан берілген. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, , жеңімпаз мердігер «Югдорстрой» ЖШС-мен 264 964,6 мың теңгеге келісімшарт рәсімделген болатын.

Нысандағы жұмыстар қыркүйек айында басталды. Көпірдің ені –11 м, ұзындығы – 33 м, биіктігі – 4 м. Көпірдің жүргінші бөлігінің ұзындығы – 8 м, көпір мен жолдың ұзындығы 385 м. Бүгінгі таңда 224 166,5 мың теңге қаржысы игерілді. Нысанды жобалаушы мердігер «Тека Проект» ЖШС – авторлық бақылау қызметі үшін 2 879,0 мың теңгеге келісімшарт рәсімделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.