Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарындағы 136 аула таза ауыз суды тұтынуда

0 23

Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Қарабөгет пен Сарыөзек елдімекендерінде де болып, ондағы құрылысы жаңа аяқталған сумен жабдықтау және су тарату имараттарының жұмысымен де танысты,- , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында берілген нысанның құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 640,7 миллион теңге бөлінген. Оның құрылыс жұмысын «СМК и Ж-7» ЖШС жүргізген. Бүгінгі таңда екі елдімекенде 136 аула таза ауызсуды тұтынуда. Мердігер өкілі Момынхан Наурызов жерасты суын 117 метр тереңдіктен ұңғыма қазып шығарып, су жинау стансасына 10 километрден тартып отырғанын айтты. Бір ғана Қарабөгеттегі су сақтау қоймасында 350 текшеметр су жиналады. Ол 94 ауланы таза ауызсумен қамтуға молынан жетеді екен. Ал қазылған су ұңғымасындағы су қоры елу жылға жетеді дейді мердігер өкілі.

Ауыл ақсақалы Уəлихан Бидайбеков осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тəуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында таза ауыз суға қосылған ауыл тұрғындары атынан аймақ басшысына алғысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.