Жамбылдық полицейлер 16 жылқыны ұрлаған күдіктіні құрықтады

0 62

Жамбылдық полицейлер 16 жылқыны ұрлаған күдіктіні құрықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Өткен жылдың 2-қарашасында Шу аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны 16 бас жылқысын жоғалтқанын айтып жүгінген. 41 жастағы азаматтың айтуынша, жылқылары жайылымда қараусыз жүрген екен. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 29 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғынын ұстады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 188-1 бапқа (ірі көлемде мал ұрлау) сәйкес, мал ұрлағандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы және сыбайластарының бар-жоғын анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізілуде,- деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Мал ұрлығы көбіне төрт түлікті жайылымға қараусыз жіберілген жерлерде орын алғандықтан, иесі малының жоғалғанын өте кеш біледі. Ал, ұрлықты ізін суытпай ашу — өте маңызды. Сондықтан облыстық полиция департаменті, тұрғындарға төрт түлігін тек арнайы жайылымда бағып, қараусыз қалдырмауды ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.