Қару дүкенін тонауға қатысқан жамбылдық құрықталды

0 69

Қару дүкенін тонауға қатысқан жамбылдық құрықталды. 33 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін істі болған екен.

Ол 5-қаңтар күні, . қару-жарақ дүкенінің есіктеріне орнатылған темір торды бұзу үшін пайдаланылған көлікті басқарған.

Ұсталған азамат: «5-қаңтар күні үйден шықтым. Белгісіз бес адам көлігімді тоқтатып, мініп алған соң, жол көрсетіп отырды. Біз қару-жарақ дүкеніне келіппіз. Олар көлігіме трос байлап, тартуды бұйырды. Кейін дүкеннен екі автоматты көлік ішіне, тағы екеуін жүк салғышқа салды. Сол қарулармен ары қарай кеттім»- деп баяндады. Ұрланған қару күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді.

Қазір оның жаппай тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдарға қатысы тексерілуде.

«Сол күні қалада жеті қару-жарақ қоймасы тоналды, нәтижесінде қылмыскерлер 1347 қаруды, оның ішінде 501 винтовканы, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қаруды, сондай-ақ оқ-дәрілерді ұрлап кеткен», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.