17 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін ұша алады
Бұл жеңілдік әзірге тек Қазақстан аумағында ғана. 1-қаңтардан бастап туристік пакет аясындағы рейстер 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін болып бекітілді. Бұл -ішкі туризмді дамыту үшін жасалып отырған шара. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл жеңілдік барлық ұшу рейстеріне қатысты емес.
«Бекітілген ережеге сәйкес, ішкі туризм аясында қызмет атқаратын, туроператордан алынған, туристік өнімнің құрамына кіретін кәмілеттік жасқа толмаған балалардың әуе билеттері ғана субсидияланады», — деп хабарланды мәдениет және спорт министрлігінен.