Қар құрсауынан 77 жолаушы құтқарылды

0 12

Қар құрсауынан 77 жолаушы құтқарылды. Ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Түркістан облысындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдардың кей бөліктерінде қозғалу мүмкін болмаған. Ауа райының қолайсыздығынан 59 көлік қар құрсауында қалды.

Екі күнде 77 жолаушы құтқарылды, оның 4-і балалар. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқару шараларына 27 құтқарушы мен 7 техника тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.