Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 жарлығына сәйкес Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев, Ақсу, Көкқайнар, Ескі-Шу, Жаңа жол ауылдарында 2021 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
2021 жылы Шу ауданында атқарылған жұмыстарға тоқатылып өтіп, алдағы уақыттағы игілікті істердің жүзеге асырылатынын жеткізді.
Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін жеке бақылауына алып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.