Кішкентай бүлдіршін «Тараздан» қашып кетті

0 185

Шымкент қаласындағы #60 «Тараз» деп аталатын мемлекеттік балабақшадан кішкентай бүлдіршін белгісіз бағытқа шығып кеткен. Баланы іздеуге қаланың полиция қызметкерлері жұмылдырылды.  Оқиғаның қалай болғанын қалалық білім беру бөлімі баяндады.

«Тәрбиеші баланы «Жұлдыз» тобынан әжесіне қарсы алып шыққан. Бірақ бала қашып кетті. Бүлдіршіннің басқаларға байқатпастан, балабақшаның сыртына қалай шығып кеткені белгісіз. Полицейлердің көмегімен бала жарты сағатта табылды».

Осы оқиғадан кейін, балабақша әдіскері, тәрбиеші, кезекші тәрбиеші мен күзетші қатаң сөгіс алған. Сондай-ақ мекеме меңгерушісі де жазадан тыс қалған жоқ. Сөгіс алып, жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.