Қылмыстық атқару жүйесіндегі қыз-келіншектер

0 72

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев осы салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген 20-ға жуық қыз-келіншек бар. Олардың әрқайсысы білімді, білікті, өзі ісінің мамандары. Кейбірінің осы салада еңбек етіп келе жатқанына 18 жылдан асқан. Ең азы – 5 жылдық еңбек өтілі қалыптасқан нәзікжандылар.

 Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мерекеге орай жергілікті департаменттегі нәзікжанды қызметкерлерге арнайы құттықтау жолдап, ведомствалық медальдар мен грамоталар жолдаған болатын. Мереке иелеріне осы марапаттарды салтанатты жағдайда табыс еткен Нияз Рыспаев тағы бірқатар қыз-келіншектерге өз атынан алғыс жариялап, Құрмет грамоталарын тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.