Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

0 37

Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Қанат Құлшыманов Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ді журналистика мамандығы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.