Биыл Шуда 2400-ден аса тұрғынға жер телімі үлестіріледі

0 2

Шу ауданында халық саны жылдан жылға өскенін ескерсек, тиісінше тұрғындардың жерге деген қажеттілігі артып отыр. Бүгінде Шу қаласында 5938 тұрғын кезекте тұрса, биыл 1449 тұрғынға жер берілетін болады. Сонымен бірге, жақын күндері Алға ауылдық округінен де 219 жер телімі ел игілігіне берілмек. Ал аудан орталығында 800-ден аса тұрғын жер теліміне қол жеткізеді.

Бұл туралы аудан әкімі Сәкен Арубаев аппараттық кеңесте мәлімдеді. Айта кететін жәйт, жер телімін алған тұрғындар үш жылдың ішінде үйдің құрылысын салуға міндетті. Олай болмаған жағдайда, әкімдік жер телімін қайтарып, кезекте тұрған келесі азаматқа беретін болады.

«Сондықтан жерге қол жеткізген тұрғындар уақыт оздырмай үйдің құрылысын бастап кетуі тиіс. Алдағы уақытта кикілжің туындамауы үшін қала мен ауыл әкімдеріне дәл осы мәселені тұрғындарға жан-жақты ескертіп, түсіндіру керектігін тапсырдым. Сонымен қатар, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне аудандағы шағын инвестициялық жобалар бойынша тыңғылықты жұмыс істеп, нақты нәтижеге қол жеткізу керектігін ескерттім. Одан бөлек, елді мекендердегі жұмысты жүйелеу мақсатында атқарылған жұмыстар негізінде ауыл әкімдерінің рейтингін қалыптастыру да қолға алынбақ»,деді аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.