Мойынқұм ауданында полиция қызметкерлері Ақбақай ауылы маңынан күдікті ер адамдар тобын байқаған.
Анықталғандай, ол азаматтар «Қаракөз» кенішінде заңсыз кен өндірумен айналысқан болып шықты. Полицейлер 1976, 1992, 1994 және 1990 жылы туған алты жұмысшыны ұстады. Оның бесеуі Жамбыл облысының, біреуі Алматы облысының тұрғыны. Ұсталғандар 21- сәуір күні шахтаға жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар 20 қап кенді өз бетінше қазып алған. Айғақты заттар, тескіш, генератор, темір қашаулар мен басқа да құрал-жабдықтар тәркіленді. Бұл азаматтарға қатысты «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.