«Ақкөл-Ойық-Ұланбел» бағытындағы жолда жөндеу жұмыстары басталды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл бағыт облыстық маңызы бар жол болып табылады. Жол Мойынқұм ауданының аумағымен өтеді. Қазір автомобиль жолының 149-154 шақырымдарын орта жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңға, суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы жол негізін салу жұмыстары толық аяқталып, асфальтбетонды жол жамылғысын салу жұмыстары басталмақ. Келісім-шартқа сәйкес жобаны іске асыру мерзімі 2,2 ай. Дегенмен, жол-жөндеу жұмыстары өнідістік-жұмыстарды жүргізу кесетесінен едәуір ілгері жүруде. Жұмыстарды атқарып жатқан мекеме «Рауан» ЖШС-і.