Луговой, Көкдөнен, Көгершін ауылдарына ветпункті тұрғызылады

0 15
Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өндірілген өнім көлемі 4,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 млрд теңгеге артты. Жалпы 150,4 мың гектар егістік жер толық игерілді. Оның басым бөлігіне, яғни 55,2 мың гектарына күздік бидай, 53 мың гектарына жаздық арпа себілді. Былтыр 158 дана агротехника сатып алынып, машина-тракторлар паркі 13,8 пайызға жаңаланса, биыл 11,5 пайызға жаңаланады. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ол асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен — 5, ұсақ малмен — 6, жылқы малымен 1 шаруашылық жұмыс істейтінін де атап өтті. Онда 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған — 12, 780 бас жылқыға арналған — 5, 3600 бас қойға арналған 4 бордақылау алаңы жұмыс істейді.
«Хамза» шаруа қожалығы 250 бас ірі малды бордақылау, сою, сақтап, тоңазыту кешенінің құрылысын аяқталды. «Керең» шаруа қожалығы 200 басқа арналған сауын сиыр фермасын салып, сүт өнімдерін қайта өңдеу кешенінің құрылысын бастады. 12 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен қамтамасыз етілген. Биыл Луговой, Көкдөнен, Көгершін ауылдық округтерінде ветеринариялық пункт тұрғызылады», — деді әкім.
Оның мәліметінше, ауданда мал басы саны 103,7-ден 113,9 пайызға дейін артқан. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасының 5 бағыты бойынша Құмарық ауылдық округіне 797 196 мың теңгеге несие берілді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылымдық жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылы 906,38 га жайылым, 41,3 га егістік, 1,03 га бөгде жер учаскесі мерзімі өткендіктен мемлекет меншігіне қайтарылды. 150 га егістік жері суармалы егістікке ауыстырылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.