Қант қызылшасының алқабы артты. Жамбыл облысында тәтті түбір өсіру айтарлықтай жолға қойылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл бағытта 2015 жылдан бері жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың нәтижесінде, қызылша баптаған диқандар шетелдік селекциядан жоғары өнімді тұқымдар сатып алып жатыр. Был егіс алқабы 6000 гектарға жетті. Жиналатын өнім көлемі 17,0 мың тоннадан 172,0 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Ал, тәтті түбірдің орташа өнімділігі 185 центнерден 350 центнерге дейін өсті. Биыл облыста 6,1 мың гектар жерге қант қызылшасы отырғызылды. Қызылша өсіруді кәсіп еткен 82 шаруа қожалық қазір түбірді күтіп-баптаудың бел ортасында жүр. Бұл шаруашылықтарда маусымдық кезеңде 2,5 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады.