18 жасар жігіт TikTok түсіремін деп теңізге батып кетті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Қайғылы оқиға 7 маусым күні Ақтау қаласында орын алды. Үш жігіт видеоға түсу үшін пирстен суға секірген. Алайда, 18 жастағы студент тереңнен қайта су бетіне шыға алмай, батып кеткен.Жас жгіттің мәйітін іздеуге 15 құтқарушы жұмылдырылды.
Олар суға кеткен жігіттің денесін бүгін таңертең ғана тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады. Сағат 07:33 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2004 жылы туған жігіттің денесін алып шықты. Жігіт, құтқарушылар айтқандай, 15-ші шағын аудандағы жағалаудан теңіздің алты метр тереңдігінен табылды.