Жамбыл облысының шағын және орта ауылдары тұрғындарының табысын арттыруды дамыту мақсатында, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік қызметке тарту және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай – ақ, тауық өнімдерін импортты алмастыру мақсатында, Жамбыл облысында «Атамекен «Тараз» ШҚҰ қолдауымен «ECO Chicken» құс фермасы жобасы іске асырылуда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Абдыкадыров айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Оның мәліметінше, бүгінгі күні Қордай ауданында 14 ферма жұмыс істейді, оның ішінде 8 ферманың құрылысы «Атамекен «Тараз» МҚҰ арқылы қаржыландырылды, қосымша 6 ферма кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынған.
«Облыс әкімінің қолдауымен Жамбыл облысының Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында жобаны кеңейту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Тараз «ӘКК» АҚ-ға 2,5% — бен, 33 ферма салу үшін 300,0 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу туралы тапсырма берді. «Қордай Жем» ӘКК ӨК айналым қаражатына 100,0 млн.теңге көлемінде 0,001%-бен қаражат бөлінетін болады», — деді Ол.
Айта кетейік, бүгінде өңірлік палата аридтік өңірлерде құдықтар мен ұңғымалар құрылысын субсидиялау мәселесін көтеруде. Бұл мәселе, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бақылауында.