Біршама уақыт бұрын әлеуметтік желіде орталықты қою түтін басқаны туралы ақпарат тараған болатын. Тұрғындарды алаңдатқан жайға байланысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
Бүгін сағат 20.00-де «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында бір реттік түтін шығарылымы орын алды.
Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады.
Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған.
Облыс әкімінің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады.
Қазіргі уақытта басқа да аймақтарда зерделеу жұмыстары жалғасуда.
Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз.