2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз ауыз сумен және газбен қамтылады

0 30

БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халықты көп толғандыратын мәселенің бірі – коммуналдық шаруашылық саласы екенін ашып айтты.

— Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық.

Бүгінге облыстағы ауылдық елді мекендердің 269-ы (622 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл тағы 30 елді мекендегі  40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Сондай-ақ,  биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үй  газға қосылады.  

Осылайша даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы 371 елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Бұл межеге қол жеткізу үшін 62 ауылға су құбырын тартып, 40 ауылдың ауыз су жүйесін жаңғыртып, 31 ауылға су тазалау блок модулі орнатылады.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыстағы 36 елді-мекенде ауыз су кестемен беріледі десек, биыл аталған ауылдардың саны 30 пайызға дейін қысқармақ.

Сонымен қатар, 15 елді мекенге газ тартып, 50 елді мекенге табиғи газ жүйелерін тарту арқылы және 2 автономды газ тарату станциясының құрылысы жүргізіліп, бұл мәселе де оң шешімін табатын болады.

Облыс әкімі өз баяндамасында 2025 жылға дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99,5 пайызға, елді-мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 94,1 пайызға дейін жеткізу көзделіп отырғанын баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.