Жамбылдық полицейлер жүргізушілерге шок терапия жасады

0 14

Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында 853 жол-көлік оқиғасы орын алды. 141 адам қаза тапты.  Статистикалық талдау көрсеткендей, ЖКО-ның 98 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған. Негізгі себептер — жылдамдық режимінің асып кетуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету, қарсы жолға шығу жағдайлары болуда.

Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің назарын осы мәселеге ерекше аударып, «шок терапиясы»акциясын өткізді. Тараз көшелерімен және республикалық автожолдарда апаттан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті.

Көліктің төбесінде өлім бейнесіндегi кейіпкер болып,  тәртіп пен жүргізушілердің жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелетінін ескерттi. Эвакуатор жол полициясы экипажының сүйемелдеуімен сағатына 20 шақырым қауіпсіз жылдамдықпен жүрді.

Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырды. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы айтты.

Ерекше әсерлi көрiнiсi бар бейнежазба әлеуметтік желілерде белсенді түрде таратылуда.

«Кейбір адамдарға тек осылай түсіндіруге болады», — деп жазады тұрғындар бейне астындағы түсініктемелерде.

Полицейлер атап өткендей, жол қауіпсіздігі – біздің ортақ мәселемiз. Сіз тәжірибелі жүргізуші немесе жаңадан бастаушы болсаңыз да қайғылы жағдай кез-келген адамда кенеттен болуы мүмкін. Немқұрайлылық және жол қозғалысы ережелерін бұзу қайғылы нәтижелерге әкеледі. Бұл акцияның мақсаты — жүргізушілерді қорқыту емес, ой салу болып табылады.

Акция «Қауіпсіз жол» айлығы аясында аймақтағы жолдардағы апаттар мен өлім-жітімді азайту мақсатында өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.