Жуалы ауданында ауылшаруашылығы саласын өркендетуге көңіл бөлініп, шаруалар мен кәсіпкерлерге кәсібін дөңгелетуге қолайлы жағдайлар жасалуда.
Саланы тиімді дамыту үшін бірінші кезекте техника мәселесі дұрыс шешілуі керек. Жалпы, ауданда ауылшаруашылығы техникалары 1 596 дананы құрайды. Жыл басында лизинг арқылы 160 техника алу жоспарланған.
Жоспарға сәйкес жыл басынан бері лизинг арқылы 54 техника алынып, белгіленген жоспар бойынша орындалу көрсеткіші пайызға шаққанда 31,0 % құрап отыр.
Сонымен қатар 2022 жылдың өнімі үшін егілген масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 9 730 гектарға егілген күздік бидай толықтай жиналып, орташа өнімділігі 19,6 ц/га құраса, ал 29 140 гектарға егілген жаздық арпаның бүгінгі таңда 99 пайызға жуығы жиналып, орташа өнімділігі 18,3 ц/га құрады.