Адам құқықтары мен бостандықтары – ең басты құндылығымыз

0 30
Биыл қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясына 27 жыл толды. Осы 2022 жылы Ата Заңымызға қатысты ерекше оқиға болды, 1995 жылдан бері өткізілмеген сайлаудың арнайы түрі – референдум 5 мауысым күні өтті. Бұл сайлауға барлық халық қатысып дауыс берді, Конституцияның отыздан аса бабына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдары магистрі Асқар Қадырқұлов айтты. Ол соңғы конституциялардың үшеуі КСРО заманына тиесілі екенін жеткізді. Ал Қазақстан өз тәуелсізідгі жылдары екі конституцияны қабылдаған, біріншісі – 1993 жылдың 28 қаңтарында, ал қазіргі Конституциямыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған болатын. Бұл Ата Заңымызға 1998, 2007, 2011, 2017, 2019, 2022 жылдары өзгерістер енгізілді.
«Қазіргі Конституциямыз 99 баптан 9 бөлімнен тұрады. Оның ішінде: Жалпы ережелер, Адам және азамат, Президент, Парламент, Үкімет, Контитуциялық Сот, Соттар және сот төрелігі, Прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, Қорытынды және өтпелі ережелер бөлімдері бар. Барлық бөлімдер тиісті ретімен орналасқан, бұл жерде адам құқықтары мен бостандықтары – ең басты құндылығымыз болған соң, алдында тұр», — деді спикер.
Ол соңғы өзгерістерге де қысқаша тоқталып, 33 бапқа өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Нақты айтқанда, 31 бапқа өзгеріс және жаңа екі бап енгізілді (83-1 бап және 99 бап). Қазіргі кезде осы Конституциядағы жаңа өзгерістерді жүзеге асыру үшін ұлттық заңнамамызға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жасалып жатыр. Бұл біздің елдің демократиялық бағытта дамып келе жатқаның көрсетеді. Заң бір орнында тұрмауы керек, Қазақ Елі дамыған өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына лайықты, сол үшін өзгерістерді Ата Заңымыздан бастауымыз керек.
Leave A Reply

Your email address will not be published.