Қырғызстанда жер сілкінді

0 5

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты РМК жедел деректеріне сәйкес, Астана уақытымен сағат 04:16-да Қырғызстан аумағында жер сілкінді.

Зілзала ошағының бағыты: 41.01 градус солтүстік ендік, 76.26 градус шығыс бойлықта жатыр.

Магнитудасы mpv=4.3

Энергетикалық класы K=10.1.

ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды атады.

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.