Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында негізгі мәселелердің бірі Ауыл шаруашылығын дамыту болып қала беретінін атап өтті. Саланың жай-күйі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Ел Президенті өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру жөніндегі стратегиялық міндетті шешу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, субсидиялардың бөлінуі мен игерілуіне бақылауды күшейтуді тапсырды.
Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға субсидия ретінде 31,2 млрд.теңге бөлінді. Бұдан басқа, бұл салаға 21 млрд.теңге инвестиция тарту және 16 жобаны іске асыру жоспарланған, 324 жұмыс орны құрылады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 2,8 млрд.теңгеге 4 жоба іске қосылды, 110 жұмыс орны құрылды,-деп жазады «ZhambylNews» АА.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 31,2 млрд. теңге субсидия қаралған. Бұған қоса, салаға құны 21 млрд. теңге инвестиция тартылып, 16 жоба іске асырылмақ. Ол арқылы 324 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 2,8 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылып, 110 жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 756,2 мың гектарға орналастырылып, 5,4 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі кезде жиналатын 371,1 мың гектардағы масақты дәнді дақылдар толығымен орылып, жалпы түсім 633,4 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты.
Бұдан бөлек, 1,1 млн.тонна көкөніс дақылдары, 187,5 мың тонна картоп және 795 мың тонна бақша өнімдері өндірілді.
Ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен облыстағы жалпы мал саны 4,5 пайызға артып, 4,5 млн. басты құрады. Жоспар 4,6 млн. басқа жеткізу.
Ет өндірісі 1,8 пайызға, сүт өндірісі 1,5 пайызға артты. Сондай-ақ, 787 тонна ет экспортталды.
Нәтижесінде жылдың 7 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласында 161,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,9 пайызды құрады.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, 106 ірі сауда дүкеніне жергілікті өндірілген тауарлардың 10 түрі (1410 тонна) жеткізілді. Ірі сауда желілерімен 10 атау бойынша форвардтық күзгі келісімдер жасалды.
Бұдан басқа, айналым қаражатына (4,2 млрд.теңге) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу жүзеге асырылады, олар кейіннен 32 әлеуметтік павильондарда сатылады.
Мониторинг нәтижесінде 10 сауда орнының иелеріне қатысты сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін хаттама жасалды. Күзгі кезеңде біз үнемі жәрмеңкелер өткізе бастадық. Осы шаралардың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақтанды.