Белгілі бір жастан кейін адам ағзасы қартая бастайды. Табиғат заңына қарсы шыға алмаймыз, бірақ бұл сұлулығыңызды сақтап қалуға тырыспау керек деген сөз емес. Себебі ұлғайған жаста қалай көрінетініміз өзімізге байланысты. Төлқұжатыңыздағы жасыңызды жиі қай дене бөліктері көрсетіп қояды?
1. Мойын
Бұл дене бөлігі ең көп қозғалады, сондықтан ол бәрінен де тез қартаяды. Оған қоса, көпшілік мойын да бет секілді күтім қажет ететінін білмейді. Сондай-ақ, жылдар өте мойын тұсында май қыртысы жиналуын тоқтатады, ал коллаген баяу өндіріледі.
Мойын сұлулығын ұзағырақ сақтау үшін бірнеше ережені сақтау керек:
— Мойынға SPF-құрал жағып жүру;
— Күнде мойынды тазалау және сергіту;
— Шалқасымен жатып ұйықтау;
— Биік жастықтан бас тарту;
— Дұрыс тамақтану және белсенді өмір салтын сақтау.
2. Кеуде тұсы
Мойынмен бірге кеуде тұсы да қартаяды. Себебі бұл жерде тері астындағы май өте аз және әжім мен дақтар бірінші осы жерде пайда болады.
3. Қол
Қол да ең көп қозғалатын дене бөлігіне жатады. Ол күні бойы ауру тудырғыш бактериялары бар көптеген заттармен жанасады. Сондай-ақ сумен және тазартушы құралдармен байланыс оның жағдайына жағымсыз әсер етеді. Саусақтар мен қол білегінің сұлулығын сақтау үшін оларға күнде күтім жасау керек. Ылғалдандырушы крем қолданыңыз және әр ыдыс немесе еден жуар алдында қолғап киіңіз. Ал қолда қанайналым бұзылмас үшін жүйелі түрде қиын емес гимнастика жасау керек.
4. Тізе
Жастың ұлғайғанын тізе білдіріп қоюы мүмкін. Дененің бұл бөлігі белсенді өмір салтын сақтайтын және салмағын бақлауда ұстайтын адамда да жылдам қартаяды. Тізенің анатомиялық құрылымы күрделі болғандықтан және үнемі қозғалыста болатындықтан уақыт өте тері созылып, өзінің тартымды түрін жоғалтады. Су тепе-теңдігін сақтаңыз және белсенді өмір салтын жалғастырыңыз.
5. Шынтақ
Шынтақ буынындағы тері де қозғалыс кезінде біресе созылады, біресе қысқарады. Сондай-ақ ол құрғақтыққа және қалыптан тыс пигменттелуге бейім. Шынтақтағы тері ұзаққа дейін әдемі болып қалу үшін оған күнде күтім жасауға тырысыңыз. Ол үшін ылғалдандырушы кремдер ғана емес, шынтаққа арналған маскалар мен скрабтарды да пайдаланыңыз. Мысалы, зәйтүн майы негізінде дайындалған қант скрабын байқап көріңіз.
6. Ерін
35 жастан кейін ерін ұштарында жіңішке әжім пайда бола бастайды. Гиалурон қышқылының мөлшері азайып, контур анық емес бола бастайды. Ерін жағдайына зиянды әдеттер, құрғақ ауа және ультракүлгін сәуле жағымсыз әсер етеді.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz