Биыл Жамбыл облысындағы жол саласына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 605,2 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланған.
Бұл туралы жергілікті әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібеков Бақытжан айтты. Оның мәліметінше, өңірде барлығы 252 жол жөндеу жобалары іске асырылуда.
«Оның ішінде «Қуатты өңірлер – ел дамуның драйвері» бағдарламасымен – 31 жоба, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 74 жоба, «Өңірлерді дамыту — 2025» бағдарламасымен — 2 жоба және жергілікті бюджеттерден 145 жоба бар. Айта кететін болсақ, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен жоспардағы 605,2 шақырым жолдың 338 шақырымында жаңа асфальт төсеу жұмыстары аяқталып отыр», — деді Ол.
Бақытжан Оразалыұлы жалпы 2022 жылы «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішінің межесі 97% құрағанын жеткізді, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 82,% жеткізу көзделіп отыр.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.