Бүгін әлеуметтік желілерде «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары наразылыққа шыққаны туралы бейнежазбалар тараған болатын. Аталған оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы түсініктеме берді. Ресми ақпаратқа сәйкес, сағат 11:40 шамасында «Қазфосфат» ЖФ қызметкерлер арасында түсінбеушілік туындаған. Оған «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасы басшысының әріптестеріне дөрекі сөйлеуі себеп болыпты.
Наразылық көрсетіп, жиналған қызметкерлердің саны 200-ді құрады.
Зауытқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы келіп, қызметкерлермен кездесті. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдады. Ал, «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрап, жұмыстан шығарылған. Осы оғиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылып, топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері енгізілді. Қазіргі таңда кәсіпорындағы ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі