Меркіні дамытуға мүмкіндік мол

0 23

Қазақстан Республикасы Президентінің айтқан халықпен кері байланыс орнату Меркі ауданында да жүйелі жүргізілуде. Өткен жылы аудан әкімі 45 елді-мекенді түгел аралап шыққан. Сондай ақ барлық салаларда ілкімді істер қолға алынуда,- деп жазады «ZhambylNews» АА.

Меркіні дамытуға мүмкіндік мол. Қазіргі таңда аудан аумағында ауқымды жұмыстар қолға алынып, межелі міндеттер бекітілді. Соның бірі өңірді 2025 жылға дейінгі дамыту жоспары. Аудан әкімі Жорабек Баубековтің бастамасымен бюджет есебінен 156 жоба қолға алынса, жеке инвесторлар арқылы 108 жоба іске асатын болады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сай барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесу өткізуге міндетті. Бұл тұрғыда Меркі ауданының басшысы бір жылда барлық 45 елді мекенді аралап шығып, кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ауылдардағы мәселелерді тұрғындардың өздерімен бірге талқылаған.
Меркі ауданы аумағында былтыр 16 жоба аясында 48 ауыл ішілік көше жолдары жаңарса, биыл 201,8 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарлануда. Аудан тұрындарын газбен қамту бағытында соңғы бір жылдың ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, Ақкөз Қайнар, Беларық ауылдары тұрғындарының көп жылдан бергі сұранысы орындалып, аталған ауылдарға газ құбыры тартылды. Сонымен қатар, Ойтал ауылдық округі тұрғындарының сұраныстары орындалды. Биыл 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын.

«Ауыл аманаты» жобасына биыл Меркіден Ақермен, Жаңатоған, Ақтоған, Ақарал ауылдары еніп, құжаттарын дайындау үстінде. Осыған дейін пилоттық жоба Сұрат ауылында жүзеге асқан болатын. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында биыл 11 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Былтыр 9 үй ел игіліне берілді.
Меркі ауданы ауыл шаруашылығы дамыған өңір. Мәселен: қант қызылшасының облыс бойынша жиналған өнімінің 50 пайызын осы аудан өндіреді. Биыл Түркиядан әкелінген 19 жаңбырлатып суару агрегатын шаруашылық қолданысқа енгізу үстінде екен. Бұл су тапшылығымен күресте маңызды қадам болмақ. Өңірге инвестиция тарту жұмыстары да жолға қойылған. Ауылшаруашылығы бойынша 50 жоба, өнеркәсіп саласында 57 жоба іске асырылмақшы. Бұдан бөлек, Меркіде туризміді дамытуға да мүмкіндік мол.

Меркіні дамыту жоспарынан бөлек, алдағы жылдарға перспективалық жобалар да жасалынған. Мәселен, орталық базарды көшіріп, онда аспан астындағы музей жасау, орталық «ММ» сауда үйі орналасқан алаңды жастар алаңына – арбатқа айналдыру секілді жұмыстар кезегін күтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.