Талас ауданында халықаралық Отбасы күні тойланды. Мейрам қарсаңында Қаратауда жанұялар бақ сынаған «Толағай» атты спорттық шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Сайыста Астана, Әйгерім, Азиада, Бәйтерек, Болашақ балабақшаларының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары өнер көрсетті.
Мерекелік спорттық дода қорытындысы бойынша Мырзатовтар ( «Бәйтерек » бөбекжай бақшасы) отбасы жеңімпаз атанса, күміс жүлде Камаловтар жанұясына бұйырды ( «Астана» бөбекжай бақшасы), ал үздік үштікті Шалқарбековтар («Астана» бөбекжай бақшасы) отбасы түйіндеді.
Барлық қатысушылар арнайы дипломмен, алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кетейік, атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.