Өткен жылы 3632 мүгедектігі бар азаматша оңалту құралдарымен қамтылған

0 12

Аймақта оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 10602 адамды құраса, оның ішінде 3632-і немесе 34,3 пайызы әйелдер, 4150-і ерлер, 26,6 пайызы балалар. Мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы барлық бюджеттерден 4,7 млрд.теңге қаржы бөлінген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ағымдағы жыл басынан аяқ-қолды немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын протез-ортопедиялық бұйымдармен 1 679 адам қамтылса, олардың 435-і немесе 26,0%-ы әйелдер.
Сондай-ақ 291 адам есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған сурдотехникалық құралдар 127 нәзік жанды азаматшаға берілген. Ал көру қабылетінің бұзылуынан құлағында мүкіс пайда болған жандардың 198 –сі тифлотехникалық құрылғыларға қол жеткізген.

Жалпы, 2023 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларын 90,0%-ға орындау жоспарланып отыр .

Leave A Reply

Your email address will not be published.