«Talas investment Company» ЖШС зауытының екінші кезеңінің құрылысы басталды

0 16

Жамбыл облысы Талас ауданында «talas Investment Company» ЖШС-нің зауытының екінші кезеңінің салтанатты түрде капсула салу рәсімі өтіп, өндіріс орнының құрылыс басталды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары, Қанатбек Мәдібек,  Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков,  «Talas Investment Company» ЖШС-нің негізгі акционері Серикжан Сейітжанов, «Talas Investment Company» ЖШС-нің басқарушы директоры Бахтияр Аодашов және тағы басқалар қатысты.

“Talas Investment Company» ЖШС кәсіпорны алтын өндіру өнеркәсібінде және басқа да бірқатар өндірістерде пайдаланылатын импорттық тауар саналатын химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны болып табылады.

Зауыт 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеуде. Алты айдың қорытындысы бойынша 5688 тонна цианид натрий және 2375 тонна сульфат аммоний өндірген.

Қазіргі уақыттағы зауыттың қуаттылығы жылына 15 000 тонна натрий цианидін өндіруга қауқарлы. Кәсіпорында 557 адам жұмыс жасауда.

Компания Ресей Федерациясына және Орта Азия республикалары Моңғолия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріне өндірілген өнімнің 30-40 пайызын экспорттауда.

Елімізде осы өнімге сұраныстың артуына байланысты, кәсіпорын зауыттың екінші кезеңінің құрылысын бастауда.

Ол іске қосылғанда цианид натрийді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға жетеді деп жоспарлануда.

Жалпы инвестиция көлемі 25,8 млрд теңгені құрауда. Кәсіпорын өз жұмысын бастаса 300 адам жұмыспен қамтылмақ. Зауыт 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.